Түркістан облысы: 948 референдум учаскесі жұмыс істейді
Түркістан облысында алдағы саяси науқанға дайындық қызу.
Биылғы референдумда өңір бойынша 1 миллион 200 мыңға жуық азамат дауыс беру
құқығына ие. Тұрғындардың өз таңдауын жасауы үшін облыс көлемінде 948
референдум учаскесі жасақталған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен
толық қамтылған. Мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған. Ал
науқанның ашық әрі әділ өтуін 17 аумақтық комиссия қадағалайды. Олардың
құрамында 119 маман бар. Айта кетерлігі, комиссия мүшелерінің 90 пайызы – бұған
дейінгі сайлау науқандарына қатысып әбден ысылған, тәжірибелі мамандар.

