Түркия көшелерінің біріне «Анадолы» атауын бергені үшін Қазақстанға алғысын білдіреді

Түркия Қазақстанға елордалық көшелердің біріне «Анадолы» атауын бергені үшін алғысын білдірді. Бұл ғасыр жасаған бауырлас елдің мерейтойына үлкен сый болды,- дейді дипломаттар. 

Мұстафа Капуджу, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
-Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және біздің қазақстандық бауырларымызға ел астанасының ірі көшелерінің біріне «Анадолы» атауын бергені үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойы үшін үлкен маңызға ие.   

Бұл орайда айта кетерлігі, Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас әлеуеті артып келеді. Бауырлас мемлекет біздің негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Қазақстанның сауда министрлігінің дерегінше, 2023-ші жылдың жеті айында қос елдің өзара тауар айналымы үш жарым млрд доллардан асты. Тараптардың стратегиялық мақсаты көрсеткішті осы жылдың соңына дейін 10 млрд долларға жеткізу.

 

Мұстафа Капуджу, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
-Осы жылдың соңына дейін бұл мақсатқа жететінімізге бек сенемін. Кейін алдағы жылдары өзара тауар айналымды 15-20 млрд долларға өсіру үшін жаңа мақсат қоямыз.

Сарапшылардың пайымынша, түрік көшбасшысы Режеп Тайып Ердоғанның қараша айында Астанаға жасайтын жұмыс сапары екіжақты және көпжақты қатынастар үшін саяси маңызға ие болады. Күн тәртібінде Түркі мемлекеттері  Ұйымы аясындағы екі елдің қызметі және тараптардың өзара әріптестігінің жаңа көкжиегіне қатысты мәселелер шығарылады деп күтілуде. Айта кетейік, бұл Түркия Президентінің Қазақстанға қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы сапары болмақ.