Түйе індетіне қарсы шаралар қабылданды

Түйе індетіне қарсы шаралар қабылданды

Атырау облысы Құрманғазы ауданының төрт бірдей ауылында түйе қырылып жатыр. Жағдай әсіресе, Дыңғызыл, Еңбекші, Мақаш, Нұржау елді мекендерінде қиын. Шаруалардың айтуынша, белгісіз індет маусым айынан бері 80-нен аса ойсылқара тұқымын мұрттай ұшырған. Мамандар бірқатар сынама алды. Ал әкімдік пен ветеринариялық қызмет өкілдері жануарларды залалсыздандырып, өзгесін көмуге көмектесіп жатыр. Айта  кетейік, биыл аудан аумағында 204 түйеге симптоматикалық ем көрсетілген. Оның 84-і өліп, 73-і сауықса, бүгінде 47 түйені емдеу жалғасып жатыр. Арнайы сараптама қорытындысынан соң мамандар індетке қарсы шара қабылданатынын жеткізді. 

¤