Үкімет алдағы жеті жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын жариялады   

Алға қойылған міндеттемелерді Премьер-Министрі Әлихан Смайылов таныстырды.  Оның айтуынша министрлер кабинеті  Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыруға кіріседі. Осы мақсатта әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған стратегиялық құжаттардың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз ету көзделген. Сондай-ақ Үкіметтің жұмысы экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталады. Барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволар осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс деді Үкімет басшысы.