Үкімет дизель отыны тапшылығын шешу үшін тиісті шаралар қабылдады

Үкімет дизель отыны тапшылығын шешу үшін тиісті шаралар қабылдады

Қазақстанда дизель отыны тапшы. Жанармай жетіспеушілігіне әсер еткен факторларды Үкімет басшысының тапсырмасымен арнайы құрылған комиссия анықтады. Осылайша, негізгі себептердің бірі жанармайды шетелдік транзиттік жүк көліктерінің көп мөлшерде тұтынуы болып отыр. Екінші себеп – бағаның айтарлықтай айырмашылығына байланысты Қазақстаннан көршілес елдерге дизель отынының жөнелтілуі. Мәселен, бізде оның бір литрі – 230-260 теңге, ал Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдегі жанармай бекеттеріндегі баға 440 теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар, отандық мұнай базалары дизель отынын жанармай бекеттеріне бөлшек сауда құнынан жоғары бағамен сатқан. Бұл өңірлердегі қорлардың азаюына әкелді. Жағдайды тұрақтандыру үшін үкімет бірқатар жедел және ұзақ мерзімді шаралар қабылдады. Олардың қатарында – өндіріс көлемін ұлғайту, қосымша дизель отынын отын жөнелту туралы келісім және мұнай өңдеу зауыттары жұмысының жаңа схемасына кезең-кезеңмен көшу.