Украина – Ресей келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды

Беларусьте Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Кездесуде тараптар бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздерді ашуды талқылап, бұл мәселе бойынша бірқатар оң нәтижеге қол жеткізді.

Еске салайық, келіссөздердің бірінші раунды 28 ақпанда, екіншісі 3 наурызда өткен. Бейбіт келіссөздің келесі раундын жуырда өткізу жоспарланып отыр.

Михаил Подоляк, Украина делегациясының басшысы:

- Жаңа өзгертулерге сай Ресей шабуылынан жапа шеккен тұрғындарға тиімді көмек көрсете алатын болдық. Ал атысты тоқтату, бітім, жалпы әскери қақтығыстарды тоқтату сияқты тұстарды қамтитын саяси мәселелерге қатысты келіссөзді жалғастырамыз.

Владимир Мединский, Ресей делегациясының басшысы:

- Мұнда көп құжат пен жобаны әкелдік. Талқыланған кей мәселелер бойынша келісімге келіп, қол қоямыз ба деп үміттенген едік. Бірақ Украина тарапы барлық құжатты сараптауға алып кетті.