Түркі елдері технологиялық альянстар құруы қажет

Түркі елдері технологиялық альянстар құруы қажет

Түркі инвестициялық қоры ірі жобаларға 20 млн доллар бөлуге дайын. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. 170 миллионнан астам халқы бар алып нарықтың әлеуетін пайдалану үшін енді ортақ зауыт-фабрикалар мен технологиялық альянстар құрылмақ. Бұл ретте басты қаржылық тетік Түркі инвестициялық қоры болмақ. Басымдық Транскаспий бағытын дамыту мен Алматы әуежайының инфрақұрылымын жаңғыртуға беріледі. Қаржыландыру көздерін әртараптандыру үшін алдағы уақытта Ислам даму банкімен және Еуропа қайта құру және даму банкімен стратегиялық келісімдер жасалмақ. Сонымен қатар, тараптар жасанды интеллект пен стартап-экожүйелерді бірлесіп дамытуға уағдаласты. Осылайша, түркі елдері тек шикізатпен емес, жоғары технологиялармен де әлемдік нарықта бәсекеге түсуді жоспарлап отыр.