Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтарға қауіп жоқ
Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтарды елге шұғыл түрде көшіруге негіз жоқ. Бүгін Сенатта еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин осылай деді. Оның сөзінше, министрлік қос елдегі жағдайды жіті бақылап отыр. Ал елшіліктер отандастарымызбен күні-түні байланыста.

