Зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегі қайта қаралады

Зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегі қайта қаралады

Зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегі қайта қаралады. Бүгін Ашық Үкімет порталында осыған мүмкіндік беретін құжат қоғамдық талқылауға шықты. Құжатқа сәйкес, азаматтардың зейнетақы жинағындағы қаражатты алу тәртібі жаңартылмақ. Яғни, онда Үкімет төлемдердің бірегейлігін арттыру үшін есептеу әдістемесін жаңартпақ деп көрсетілген. Демек, алдағы уақытта жеткілікті шек қайта қаралады деген сөз. Қазіргі жүйе бойынша, егер азаматтың зейнетақы шотындағы қаражат белгіленген шектен асса, артық бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе инвестициялауға алуына рұқсат етіледі. Бұған дейін оны тіс пен көз еміндетуге де пайдалануға болатын. Алайда бірқатар стоматологиялық мекемелердің заңсыз әрекеттерінен кейін бұл мақсатқа шектеу қойылды. Талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.