Жас қазақстандық кәсіпкерлерге жыл басынан бері 5 мыңнан астам грант берілді

Жас қазақстандық кәсіпкерлерге жыл басынан бері 5 мыңнан астам грант берілді

Жеке ісін қолға алған жастарды қолдау. Елімізде осы мақсатта жыл басынан бері 5 мыңнан астам грант және 1,5 мыңнан астам микрокредит берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, жас кәсіпкерлер конкурстық негізде жылдық 2,5 проценттік үстеме ақымен жеңілдетілген несие рәсімдей алады. Бүгінде елімізде жастар арасында мұндай мүмкіндіктің барын бірі білсе, бірі біле бермейді. Осыған байланысты мемлекеттік грант немесе микрокредитті қалай алуға болатыны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Аталған шаралардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Осыған байланысты мынаған баса назар аударамын. Бірінші өңір әкімдері өңірлік жұмыспен қамту  картасын іске асыру микрокредиттер беру барысын бақылауда ұстауы тиіс. Жастардың тұрақты жұмыс орныдарына тұруына баса назар аудару керек. Екінші қаржы министірлігі Еңбек министрлігімен бірлесіп жастарға микрокредит беру үшін қаражатты қайта бөлу мәселесін пысықтау қажет.