Журналистер ковидпен күресте сүбелі үлес қосып жүр
Халықты дер кезінде ақпараттандырып, жаңалықтан құлағдар ету – аурудың алдын алып, қатерден сақ болудың бірден-бір жолы. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минстрі Аида Балаева бұқаралық ақпарат құралдарының пандемияның өршіген кезіндегі жұмысына баға берді. «Ресми ақпараттық сайттар, телеарналар, радио және басылымдар COVID-19-ға қатысты барлық соңғы жаңалықтарды жылдам таратып, қатерлі індеттпен күресте сүбелі үлестерін қосып келеді» деді, министр.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Жалпы, 2020 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру 88 БАҚ арқылы табысты жүзеге асырылды. Олардың күшімен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл және инфекцияның таралмауы жөніндегі шараларды ақпараттық түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 250-ден астам бейнеролик шығарылды. «El ARNA» және «Balapan» телеарналарының эфирінде «онлайын сабақтар» көрсетілімі қамтамасыз етілді. Бұл балаларымызға инфекция жұқтыру қаупінсіз үздіксіз білім алуына мүмкіндік берді.
Аида Балаеваның айтуынша, бүгінгі таңда бұл кешенді жұмыстың сапасы мен бағыты жаңа деңгейге көшті. Қазір ақпараттық ресурсттар халықты қатерлі індетке қарсы жаппай егудің маңызын жеткізуге ден қоюда.
Қазақстанда азаматтық бастамаларды дамыту
Ведомство басшысы есеп беру кездесуінің барысында азаматтық қоғамның дамуына қатысты да ойларымен бөлісті. Кезіндегі ондаған бірлестіктің жаңа бастамалары бүгінде мыңдаған қолдаушысы бар аса ірі секторға айналды. Бұл бағыт әлі де түрленіп дамудың даңғыл жолында келеді. Мәселен, биылғы жылдың соңына дейін «Қоғамдық бақылау» заңын қабылдау және бірыңғай онлайн-петициялар институтын құру көзделіп отыр.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Биыл елдегі үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық форум қатысушыларының берген ұсыныстарының негізінде «Коммерциялық емес ұйымдар жөніндегі» жаңа заң жобасын құруды қолға алдық. Оған қазіргі қолданыста жүрген «Коммерциялық емес ұйымдар жөніндегі» және «Қоғамдық бірлестіктер жөніндегі» екі заң біріктірілетін болады. Құжатта комерциялық емес ұйымдарды тіркеу, тәрітібін оңтайландыру және салықтық жеңілдіктер қарастырылады.
«Қазіргі уақытта заң жобасы кешенді түрде жан жақты талқыланып жатыр. Құжат жақын арада Үкіметтің жұмыс жоспарына енгізіледі. Кейін заң жобасы депуттаттардың қарауына жіберіліп, 2023 жылы ол қабылдануы тиіс», – дейді Аида Балаева.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов