10-нан артық банк картасы бар азаматтар бақылауға алынады

10-нан артық банк картасы бар азаматтар бақылауға алынады

Елімізде 10 және одан да көп банк картасы бар клиенттерге тексеру күшейтілді. Бұл алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шара. Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, елімізде заңсыз жолмен табылған ақшаны заңдастыру үшін 6 мыңнан астам «дроп-карталар» пайдаланылған. Олардың айналымы 24 миллиард теңгеге жеткен. «Дроптар» дегеніміз - бұл банктік шоттар арқылы алаяқтық жолмен табылған қаржыны аудару  үшін қолданылатын жалған тұлғалар. Яғни, делдалдар. Алаяқтар интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында байланыс операторларының басқа адамдарға тіркелген SIM карталарын пайдаланады. Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерде қолданылған. Мұндай карталардың иелерінің 90%-дан астамы резидент емес тұлғалар болған.