15 қазақстандық Үндістанның үздік жоғарғы оқу орындарында тегін білім ала алады

15 қазақстандық Үндістанның үздік жоғарғы оқу орындарында тегін білім ала  алады

Жыл сайын 15 қазақстандық Үндістанның үздік жоғарғы оқу орындарында тегін білім ала  алады. Бұндай мүмкіндікті Үнді елінің басқа мемлекеттермен мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған ICCR халықаралық бағдарламасы ашып отыр. Жарты ғасырдан астам уақыт  бұрын құрылған жобаның  шарапатын әлемнің 3 мыңнан астам студенті көрген. Қазақстан бағдарламаға 1994 жылдан бері қатысады.     

Санджай Веди, Қазақстандағы Үндістан елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың директоры:

– Әуе билеттері, яғни жол ақысынан бастап шығынның бәрін өзіміз көтереміз. Жоғарғы оқу орындағы оқу үрдісі және жатын орнының құны толықтай жабылады. Сондай-ақ, айсайынғы шәкіртақы тағайындалады. Бағдарлама докторантураға дейінгі кезеңді қамтиды.

Ұлболсын Орақбаева, Phd, аймақтанушы:

– Мен дәл осы ICCR бағдарламасының аясында Үндістанның жетекші жоғарғы оқу орындарының бірінде магистратура бағдарламасы бойынша халықаралық қатынастар саласында оқыдым. Оқуға түсу үшін қойылатын талаптар қиын емес. Өтінім онлайн қабылданады.  Қол қойып қажетті үлгіде тапсырса болғаны. Мен түскен кезде сұхбат өткізілді.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов