5 ірі жобаға 10 млрд доллар инвестиция тартылады
Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 6%-ға жетті. Әсіресе көлік пен сауда секторында серпіліс байқалады. Әсіресе, елде тасымалдау ісі 22 пайызға өсіпті. Ал көтерме сауда көрсеткіші 7,4%-ға, бөлшек сауда - 6,1%-ға дейін артқан. Сол секілді ауыл шаруашылығы мен байланыс салаларында да жақсы нәтиже баршылық. Мәселен, агро сектордағы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9%-ды құрады. Бұдан бөлек, өсім өңдеу өнеркәсібінде де байқалады. Мұнда өндіріс индексі 6,4% жетті.

