АЭС құрылысы: 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады

АЭС құрылысы: 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Егер референдум нәтижесінде АЭС салынатын болса, онда оның құрылысына 8 мың адам тартылады. Ал, нысан іске қосылғаннан кейін 1400 маман қажет болады. Демек, АЭС елдің экономикалық әлеуетін арттырып, өндірісті өркендетуге үлес қосады. Кәсіподақтар федерациясының төрағасы осылай дейді. Қазір салада 5 мың маман даярланған. Олар елдегі 3 оқу орталығында шетелдік ғалымдардан білім алып жатыр.