Аймақтарда коронавирус жұқтырғандардың саны азайды

Аймақтарда коронавирус жұқтырғандардың саны азайды

Елде эпидемиологиялық ахуал сәл да болса түзеле бастады. Аймақтарда инфекцияны жұқтыру дерегі төмендей түскен. Түркістан облысында кешелі бері 101 адамнан коронавирус анықталған. «Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда бірашама аз. Бірақ босаңсуға негіз жоқ», – дейді мамандар. Өйткені жедел жәрдемге қоңырау шалып, шақыртушылардың саны азаймай отыр. Сондықтан дәрігерлердің жұмысы азаймаған. Жалпы облыста 341 жылжымалы медициналық топ жұмыс істейді.

Асқар Ысқақов, облыстық Бас санитариялық дәрігерінің орынбасары:

- Коронавирус жұқтырып ауруханаға түскендердің басым бөлігі вакцина алмағандар мен карантин режиміне немқұрайлы қарап, адамдар көп шоғырланатын орындарға барғандары анықталып отыр. Бұл індеттің таралу қаупі өте жоғары екені бәрімізге мәлім. Сондықтан әр азамат сақтануды өзінен бастауы керек.

Атырау облысында да науқастар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 435 адамның жұқпалы дерттің белгісі анықталған. Қазір мұнайлы өңірде 1 780 науқас ауруханаларда, 8 мыңнан астамы үйінде ем қабылдап жатыр. Жалпы соңғы 3 күнде жұқпалы дерттің беті қайтқаны байқалады. Оған басты себеп, вакцина алушылардың қатары көбейген. Статистикалық мәлімет бойынша ақпан айынан бері қарай Атырауда 123 801 адам вакцинаның қос компонентін алған.

Ербол Меңдіғалиев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Өткен тәулікте облыс бойынша 2 347 адам екпе алды. Ол деген тұрғындардың белсендігілінің артқанын көрсетеді. Жалпы осы екпе жұмыстарын жүргізу үшін облыс бойынша 159 екпе пункті ашылды. Оның 10-ы жылжымалы. Қазір де 207 мың I компанент, 158 мың II компанент вакцина бар. Вакцина жеткілікті деңгейде. Қосымша 17 тамыз күні 10 мың доза вакцина келді.