Алматының Медеу ауданында 116 шақырымнан астам жаңа су құбыры тартылып жатыр
Алматының Медеу ауданында 116 шақырымнан астам жаңа су құбыры тартылып жатыр. Негізгі нысандардың бірі – Мұзтау шағын ауданында. Ал, күзде мұнда орталықтандырылған ауыз су беріледі.
Алматының таулы аймағындағы көркем Мұзтау ауданы осы.
Жасыл желекке оранған аумақтың ауасы тап-таза. Алайда, мұндағы халықты ауызсу
мәселесі көптен бері мазалап келген. Тұрғындар суды бұлақтардан алып қор жинап,
кәріз орнына шұңқыр қазуға мәжбүр болды. Енді мұнда «Балқаш» магистралды желісі
тартылып жатыр. Жоба бойынша биылғы күзде екі мыңнан астам адам таза ауызсумен
қамтылады деп жоспарлануда.

