Astana English School директоры мен бас есепшісі ұсталды
Astana English School директоры мен бас есепшісі ұсталды.
Олар 1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл соманың бір
бөлігі – ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу
үшін қолма-қол алынған ақша. Алайда бұл қаражат мекеме шоттарына түспей,
ұрланған. Сонымен қатар, шамамен 16 млн теңге іс жүзінде ұйымда жұмыс істемейтін
жалған қызметкерлер атына аударылған. Олардың қатарында күдіктілердің жалған
түрде рәсімделген туыстары да бар. Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған
табыстарға жалпы құны 382 млн теңге болатын мүлік сатып алған: коттедж,
елордада екі пәтер және автокөлік. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым
салынды. Күдіктілер қамауға алынды. Қазір Қаржылық мониторинг агенттігінің
Астана қаласы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша
тергеу жүргізуде.

