«Astana Opera» халықаралық опера академиясына үміткерлер қабылдайды

«Astana Opera» халықаралық опера академиясына үміткерлер қабылдайды

«Astana Opera» мемлекеттік опера және балет театры халықаралық деңгейдегі опера академиясын құрды. Бүгінде студент қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды. Тыңдаудың алғашқы бөлігі онлайн форматта өтті. Ал алдағы күндері Италия, Израиль, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстаннан таңдалған жас талантты әншілер жанды форматта тыңдаудың екінші кезеңінен өту үшін арнайы келеді.

Тимур Урманчеев, Astana Opera халықаралық опера академиясының көркемдік жетекшісі:

- Екінші кезеңнің басталуына бір аптадан аз уақыт қалды. Кезеңдер өткен сайын байқауда өзіндік интрига пайда болуда. Тыңдау «Astana Opera» театрының камералық залында өтеді. Камералық жанр да екінші турда ұсынылатын болады. Бұл кезең ерекше, себебі қатысушылармен жеке танысамыз. Әншілердің таланттарын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік аламыз. Сондықтан бұл кездесуді асыға күтудеміз.

28-29 қыркүйекте өтетін бұл кезеңде вокалистер әртүрлі сипаттағы екі ария орындайды. Қазылар алқасының таңдауымен біріншісі репертуарлық тізімнен алынса, екіншісі камералық туынды болмақ. Үшінші ақтық кезең 1 қазанға жоспарланған. Дәл сол күні «Astana Opera» халықаралық опера академиясында білім алатын үздік әншілердің есімдері айқындалады.

Авторы: Ақзер Сегізбай