«Бастау» фестивалінде қазақстандық премьералар ұсынылады

Алматыда 29-қарашада 10-мерейтойлық «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің шымылдығы түріледі. Оның аясында әлемнің 40 астам елінен 60 жуық кино ұсынылған. Байқауға қатысушылар арасында Жапония, Австралия, Нидерланды, Палестина, Ұлыбритания мен Колумбия, Израиль және Германия режиссерлері бар. Қазақстандық кино бөлігінде Асқар Ұзабаевтың тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне арналған «Бақыт» фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ, Әділхан Ержановтың «Адемоканы оқыту» және Қазақстан мен Ресей киногерлерінің бірлескен «Тарлан» картиналары бар. Алғашқы кинотуынды өзінің тағдырын өзгертуге бел буған сыған қызының өмірі жайында баяндайды. Екіншісі Закир есімді бала мен Тарлан есімді құлынның арасындағы достықтың  әсерлі хиқаясын паш етеді. Толықметражды фильмдер байқауына Эльдар Шибановтың «Тау жуасы» дебюттік фильмі қатысады.

Эльдар Шибанов, режиссер:

Бұл Қытай бағытындағы тас жолда тау жуасын сататын 11 жассар Жабай есімді баланың оқиғасы. Менің туындым осы қиын кезде адамдарға қуаныш сыйлап, армандарға жетелейді деп үміттенемін. 

Бұдан басқа, байқауда Виктор Вилковискийдің «Теңіздің оралуы» атты   ғылыми-деректі фильмі көрерменге жол тартады. Деректі жобалар сынына енген лента  Арал теңізі туралы көптеген жаңалықтарды жеткізуге арналған.

Мәди Балжановтың «Сүтті қыз» толықметражды романтикалық комедиясы шараның шымылдығын жабады. «Бастау» халықаралық фестивалі алдағы желтоқсан айының үшіне дейін жалғасады.