Астанада Еуразиялық төрелік күндері өтуде

Астана халықаралық қаржы орталығының соты және халықаралық төрелік орталық 5 жылда 2200-ден астам істі қарады. Бүгінгі таңда олар бойынша қабылданған барлық шешімдер толық орындалды. Нақтыласақ 1748 келісім, 74 сот және 447 төрелік үкіммен даулар медиация арқылы реттеліп, тараптар бітімге келді. Орталық өкілдері Еуразиялық төрелік күндері аясында осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын қорытындылады. Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азия елдерінің жетекші сарапшылары елордада үш күн бойы осы саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, өзара шеберлік алмасады. Төрешілер мен медиаторлар бизнес өкілдері, инвесторлар мен заңгерлер үшін тренингтер мен шеберлік сыныптарын өткізеді.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО соты және ХТО тіркеушісі  және аппарат басшысы:
-«Астана Халықаралық Қаржы Орталығы» Соты мен Халықаралық Төрелік Орталығы Қазақстанға инвестиция тартуда маңызды рөл атқарады. Олар қандай да бір мәселе шешімін таппай жатса, немесе бизнес саласында дау тудырған сұрақ болса Астана Халықаралық Қаржы Орталығының төрелік қызметтері арқылы өздерінің құқықтары мен мүдделері қорғалатынын біледі. Бұл тұста құқықтық үстемдік принципі тәжірибе жүзінде 100% жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Халықаралық Төрелік және Астана халықаралық Қаржы Орталығының соты Еуразия өңіріндегі дауларды шешетін ең қолайлы орын.

Еске сала кетейік, Астана халықаралық қаржы орталығы және төрелік орталығы барлық коммерциялық және инвестициялық дауларды шешу жолында ағылшын құқығының нормалары мен қағидаттарын қолданады. Бұл ретте 2018 жылдан бері ел аумағындағы инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін үздік халықаралық мамандар тартылған. Сарапшылардың пайымынша, Қазақстан  бүгінгі таңда Еуразия кеңістігінде бірегей төрелік хабқа айналды.