Ashyq-ты QR-кодсыз қолдануға болады

Енді қазақстандықтар «Ashyq» қосымшасындағы мәртебесін үйден шықпай-ақ QR-кодсыз тексере алады. Мобильді қосымша жаңартылғаннан кейін қандай да бір мекемеге бармас бұрын мәртебеңді алдын ала тексеруге болады. Осылайша, айыппұлдан да аулақ бола аласыз.

Ол үшін «жеке парақша» бөлімінде жеке сәйкестендіру номерін енгізу арқылы бағдарламаға кіру қажет. Алайда жаңа жүйе қазіргі таңда тек Android қолданушыларына ғана қолжетімді.

Еске салайық, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады. Ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне сәйкес, бұл қосымшаны орташа есеппен тәулігіне 3 мың адам пайдаланады. Бағдарлама іске қосылғаннан бастап індетті жұқтырған 2 мыңға жуық науқас және мыңнан астам байланыста болған адамның үйінде қалмастан, қоғамдық орындарға келгені анықталды.