«БелАЭС» атом электр станциясы қалай жұмыс істейді?
Беларусь Республикасындағы атом электр стансасы 3 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып, елдегі токтың тең жартысын өндіріп отыр. АЭС халықты қуат көзімен жабдықтап қана қоймай, инфрақұрылымның дамуына да жол ашқан. Островец қаласындағы БелАЭС атом электр стансасына «Jibek Joly» теларнасының түсіру тобы да барып, процесті іштен көріп қайтты.

