Бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі. Тек әзірге оның межесі нақты бекітілмеген. Өйткені есеп-қисабы жүргізіліп жатыр. Бүгін Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Үкіметте 2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі жоспар таныстырылған брифингте осылай деді. Айтуынша, барлығы да бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты. Қазір елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметтегі азаматтардың жалақысы 3 жыл сайын 10 пайызға көтеру шарты да қаралуда. Жоспарға сәйкес, 240 мың жаңа жұмыс орны құрылып, еңбек нарығындағы тұрақтылық та біршама реттелуі тиіс. Жеке кәсіп бастаймын дегендерге де мемлекет тарапынан қолдау көрсету жалғастырылады. Қазір Үкімет 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.