Екібастұз: Өңірдің көлік-транзиттік әлеуеті артады
Екібастұзда жаңа
әуежай салынады. Президент қаланың әуе қатынасын дамытуды тапсырды. Бүгін Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады. Өңірдің көлік-транзит әлеуетін арттыру -
аймақ экономикасына тың серпін берері анық. Себебі елімізде өндірілетін көмір
мен ферроқорытпаның 58 пайызы, электр қуатының 42 пайызы осы өңірдің еншісінде.
Ылғал үнемдеу технологиясын қолдану жағынан да Павлодар облысы алда келеді.
Шаруалар картоп, күнбағыс және қарақұмықты мол жинады.

