Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Ол елімізге Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне арнайы келді. Мемлекет басшылары екі ел үкіметтерінің сауда саласында бірлесе атқарып жатқан жұмыстарының оң нәтижелерін жоғары бағалады. Қос тарап арасындағы тауар айналым өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 процентке жуық өскен. Сондай-ақ екіжақты сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізу мақсаты жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқаны айтылды.