Президент әскери парадты тамашалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық
Республикасына ресми сапары аяқталды. Бүгін Бейжіңнің Тяньаньмэнь алаңында
әскери парад өтті. Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы
күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шеруді тамашалады. Одан
соң мәртебелі меймандармен бірге Қытай Төрағасы Си Цзиньпин ұйымдастырған
салтанатты қабылдауға қатысты.

