Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді

Жиын Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлады Ақорда.  Еске салайық, Құрылтайды құру идеясын мемлекет басшысы 2022 жылдың 16 наурызында ұсынған болатын. Өткен жылы маусым айында құрылтай мүшелері  Ұлытау төріне жиналып, ұлт үшін өзекті мәселелерді талқылады. Жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді. Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады.