Қазақ әскері халықаралық жарыста жеңіске жетті

Қазақ әскері халықаралық жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық әскери қызметшілер халықаралық ойындарда алғашқы жеңіске қол жеткізді. Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонындағы танк биатлонында қазақстандық команданың бірінші экипажы айналымда жеңіске жетіп, Әзербайжаннан, Беларусь және Сербиядан келген қарсыластарын басып озды. Танкистер трассадан тез өтіп, барлық нысанаға дәл тигізді. Ал Армениядағы «Әлем жауынгері» бәсекесінде сарбаздарымыз жауынгерлік даярлық бойынша негізгі нормативтерді орындауда барлық қатысушыны басып озды.

Абдулхәкім Дүйсенов, танк командирі, капитан:

- Қазақстан командасының бірінші экипажы заездге қатысты. Заезд басталар алдында қобалжу болды. Бірақ біз қобалжуды жеңіп, жақсы нәтиже көрсеттік деп ойлаймыз. Келесі экипаждарға сәттілік тілеймін.

Айта кетейік, бұл әскери ойындар 11 мемлекеттің аумағында өтіп жатыр. Оған әлемнің 40-тан астам елінен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері келген. Артиллерияшылар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арасындағы жарыс елімізде Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» полигонында өтуде.