Қазақстан Израилдік ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын басқару әдістерін зерттейді

Қазақстан Израилдік ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын басқару әдістерін зерттейді

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен және су ресурстарын басқару бойынша израилдік тәжірибені ендіруге ниетті. Осы бағыттағы тың әдістерді қолдану әлеуеті еліміздің Премьер-Министр мен «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасының кездесуінде талқыланды. Әлихан Смайылов суды үнемдеу, тамшылатып суару , аграрлық ғылым, мал шаруашылығы, сүт өндіру және құс шаруашылығында серіктестік аясын кеңейтіп, үздік технологиялық әдістерді тартуға еліміз дайын екенін айтты. Михаэль Роэ Қазақстанның ішкі нарық қажеттіліктерін толығымен өтеуге әлеуеті жеткілікті және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қоса алатынын атап өтті. Кездесудің қорытындысына сәйкес тәжірибе алмасу және барлық айтылған мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жақын арада ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.