Компьютерлік жабдықтар шығаратын зауыт қазақстандық қамтуды 60%-ке дейін өсірмек
Петропавлдағы ноутбук, планшет және дербес компьютерлер шығаратын зауытта жергілікті қамту үлесін 60% дейін арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда кәсіпорын ІТ техникаларының ірі тораптық жабдықтарын құрастырумен айналысады. Алдағы уақытта өндірістің екінші және үшінші кезеңін іске қосуды жоспарлап отыр.
АЛМАТ ШАКЕНОВ, КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТТЫҢ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Екіншісі – компьютерлік техникаға арналған блоктар мен тораптар шығару. Үшінші кезең – біздің кәсіпорында компьютерлік техниканың өндірісін 70% шоғырландыру.
Өткен жылы ғана кәсіпорын 49 мың дана компьютерлік техниканы шығарған. Оның барлығы Білім және ғылымминистрлігінің қажеттіліктері үшін шығарылған.
Мамандардың айтуынша, «Қазақстанда жасалған» компьютерлердің шетелдік аналогтарынан айырмашылығы жоқ. Айта кетейік, зауытта шығарылған әрбір өнім Microsoft корпорациясының лицензияланған операциялық жүйесімен жабдықталған.
АЗАМАТ САБЫРОВ, КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТТЫҢ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІ БАСЫШСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Ол желіге, Интернетке қосылуға қойылатын талаптарға сай келеді, тіпті кейбір бөліктерінде Білім және ғылым министрлігі қойған талаптардан асып түседі. Планшеттің құрамында 4 Гбайт жедел жады орналасқан төрт ядролы процессор бар. Жалпы жады 16 Гбайт. 4 ядролы Целерон процессоры, 8 жедел жады және 64 жалпы жады бар ноутбукте бар. Стационарлық компьютер кеңсе жұмысынан бастап, ойындарға дейін кең көлемде жұмыс істейді.
Айта кетейік, зауыт басшылығы жақын арада модемдер мен перифериялық құрылғылар шығаратын жаңа цех құрылысын жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде желінің қуатын жылына 100 мың дана компьютерлік техникаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева