Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

Қазақстан Ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді. Матч Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында өтті. Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен тізе бүктірді. Голды шабуылшы Максим Самородов соқты. Футболшыларымызға қолдау көрсетуге Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана Арена» стадионына арнайы барды.Матчтан кейін мемлекет басшысы футболшыларды тамаша жеңісімен құттықтап, ойынның қызықты әрі тартысты өткенін атап өтті. Ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады. Сондай-ақ, президент Instagram парақшасында еріктілер мен белсенділердің матчтан кейін трибуналарды тазалау бастамасын айырықша атап өтіп, футболшыларымыз бен жастарымызды мақтан тұтатынын жеткізді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу тобында 2-орынға көтерілді.