Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енеді

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енеді

10 қарашада Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енеді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Қазақстандықтар Аспан асты елі шекарасынан өткен сәттен бастап 30 күнге дейін, жалпы алғанда алты ай ішінде 90 күнге дейін визасыз жүре алады. Дәл осындай ережелер Қытай тұрғындарына да қолданылады. Айта кетейік, екі елдің азаматтары туристік, ем қабылдау, халықаралық тасымалдау және транзиттік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады. Сарапшылардың айтуынша, жаңа режим туристер ағынын арттыра түседі.