Қазақстан СІМ Басшысы Аустрияның Федералдық канцлерімен кездесті

Қазақстан СІМ Басшысы Аустрияның Федералдық канцлерімен кездесті

Қазақстан мен Аустрия екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы Венада өткен келіссөз барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Аустрия Федералдық Канцлері Карл Нехаммер мәлім етті. Қазақстандық дипломат сұхбаттасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен таныстырды. Тараптар сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Еліміздің аталған мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігіне зор үлес қосып отырғаны айтылды. Яғни, Аустрия мұнайдың 40 пайызын Қазақстаннан импорттайды. Сондай-ақ, бұл ел - Қазақстанның Еуроодақтағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі арадағы тауар айналымы 163 млн доллардан асты. Ал үстіміздегі жылдың басынан бері 52 млн доллардан жығылды.