Қазақстанда ірі жобалар іске қосылды

Қазақстанда ірі жобалар іске қосылды

Қазақстанда 2023 жылы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыста триллион теңгенің ірі жобалары іске қосылды. Осылайша, ел өңірлерінде 289 аграрлық нысан, атап айтқанда, астық және көкөніс қоймалары, жылыжайлар және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу зауыттары, ашылды. Солардың бірі Қостанай облысында қуаттылығы жылына 40 тонна ұнтақ шығаратын құрғақ бие сүті өндірісі іске қосылды. Өткен жылы өнеркәсіптік нысандар да белсенді пайдалануға берілді. Салалық ведомствоның мәліметінше, 170 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде Қарағанды облысындағы тұрмыстық техника мен арнайы кокс зауыттарын, сондай-ақ Қостанай өңірінде ұсақ тораптық әдіспен америкалық автокөлік маркасын шығаратын кәсіпорынды атап өткен жөн. Сондай-ақ, үкіметте де 2024 жылғы жоспарлар аталып өтті. Қазір министрліктерде биылғы жылға арналған жобалар пулы қалыптастырылуда.