Қазақстанда мемлекеттік қызметтің гибридті моделі енгізіледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің гибридті моделі енгізіледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің гибридті моделі енгізіледі. Бұл туралы Президентке ведомства төрағасы баяндады. Дархан Жазықбайдың айтуынша  жаңа үлгі мансаптық және позициялық модель элементтерін біріктіреді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «e-Qyzmet» жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысымен танысты. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 3 есеге жуық артты. Биыл іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталды. Мемлекет басшысына ашық мемлекеттік аппарат құру және жеке сектордан білікті мамандарды тарту  жөнінде мәлімет берілді. Президент сервистік және адамдарға бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды