Қазақстанда жалған ажырасу деректері жиіледі

Қазақстанда жалған ажырасу деректері жиіледі

Елімізде «өтірік ажырасу» деректері жиілеп кетті. Үй кезегіне тұрып, әр түрлі әлеуметтік көмек, жеңілдік алу үшін осындай қадамға баратындар көп. Мұндайлар шын мұқтажтардың жолын кеседі. Сондықтан «Неке және отбасы туралы» заңға «жалған ажырасуды» реттейтін тетіктерді енгізу керек. Бүгін Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай үкіметке осындай сауал жолдады. Жалған ажырасу  алаяқтықпен тең, - деді ол. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше Қазақстан былтыр ажырасу көп тіркелген 5 елдің бірі болған. Ал, 2023 жылы 120 мың неке тіркелсе, 40 мыңнан астам жұп ажырасқан. Бірақ олардың қаншасы жалған екені белгісіз.