Қазақстанға экспорттан $7 млрд түсті
Қазақстанда экспорттан түскен табыс артты. Биыл сәуірде республика 7 миллиард теңгеге тауар экспорттады. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр. Бұл – соңғы бес жылдағы максималды көрсеткіш. Ал былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тіпті 43 процентке көп. Сондай-ақ экспортпен қатар импорт көлемі де артты. Бір айда елге 3 миллиард теңгенің тауары әкелінген. Өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда өсім 8 процентті құрайды. Ал экспортпен импорт арасындағы сальдо 3,7 миллиард теңгеден асты. Яғни, соңғы бес жылдағы сауда балансы да ең жоғары мәнге жетті.