Көгілдір отын көлемі артады
Елімізде тағы бір газ кеніші ашылады. Аталған кен орнын бұрғылауға қытайлық компания инвестиция құймақ. Оның үсітне көрші елдің мықты мамандары отандық энергетиктермен тәжірибе алмасып, білімін шыңдамақ.
Жаңа ұңғыма Жамбыл облысындағы
Анабай кен орнында ашылады. Инвестор шетелдік болғанымен, кеніштен алынатын газ
өз қажетімізге жұмсалады. Яғни, көгілдір отын құбыры тағы да
ұзарады.

