Қосшы қаласына газ тартылып жатыр
Енді Қосшы қаласында тұратындардың көмірден құтылып, үйін газбен жылытып
отыратын күні алыс емес. Астана іргесіндегі кентке көгілдір отыр жеткізу
жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Күздің басында аранйы станция іске
қосылған. Ашылу рәсіміне Президенттің өзі телебайланыс арқылы қосылып, қатысқан
болатын. Қазіргі жөндеу жұмыстарын жергілікті әкімдік пен «ҚазГазАймақ»
компаниясы жүргізіп жатыр. Тақырыпты тілші тарқатсын.
Бұл Астанамен іргелесіндегі, 50 мыңна астам тұрғыны бар - Қосшы қаласы.
Мұндағы жұрт қыс түссе бітті көмір тасып, пештің қызымен ғана үйін жылытатын.
Газ келеді деп ойламаған еді. Бірақ былтырдан бастап кентке көгілдір отын тарту
жұмыстары жүріп жатыр. Бәрі жоспарланған уақыттан жылдам болып жатыр дейді
Қосшы қала әкімі Азамат Қапышев.
Азамат Қапышев, Қосшы қаласының әкімі:
- Бірінші кезең ол атап өтсек 79 ға жуық көше, 31 мыңнан астам абонент.
Үшінші кезең көпқабатты тұрғынүйлерді бытовой газ дейміз ғой, соған қосамыз.
Оған Құдай қаласа келесі жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп ойлаймыз.
Қосшыға газ тарту жұмыс 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - қыркүйек айында-ақ
аяқталған. Соның арқасында қазір 500-ге жуық үй газбен жылынып отыр. Енді тағы
мың жарымы ортақ газ құбылырына қосылуға дайын отыр. Келесі кезек 2026 жылы
жасалады. Сол кезде көмір машақатынан құтылып, газға қосылған үй саны 28 мыңнан
асуы тиіс.
Асхат Қосәлиев, мердігер компанияның өндіріс шебері:
- Техникамен толықтай қамтамасыз етілген. 30 ға жуық техника жұмылдырылды
осы жерге. 120 адам қызмет жасап жатыр газ саласында.
Газбен қамту жұмыстарына Ақмола облысының бюджетінен барлығы 11 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Оның 8 млрды игеріліп қойды. Ал оны газ құбырын үйге дейін кіргізіп беру шаруасымен «ҚазГазАймақ» компаниясы айналысады. Әлеуеті төсен саналатын отьасыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, 130 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 500 мың теңгеге жуық қаржы көмек беріледі.

