Құмар ойынды қадағалайтын комитет іске кірісті
Құмар ойындарға қатысты проблемаңыз болса Туризм және спорт
министрлігіне хабарласа аласыз. Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті
өтініштерді онлайн қабылдауға кірісті. Бұл жақында ғана қайта құрылған органның
алғашқы жобасы. Комитеттің құзыры қандай? қызметі не?
Елімізде ресми тіркелген 6 казино мен 9 ойын автомат
залдары бар. Ал, заңсыз жұмыс істейтін құмарханалар оннан асады. Бұл биыл
анықталғаны. Онлайн казинолар тіпті көп. Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу
комитетінің басты міндеті осы проблемалармен күресу. Қазір мекеменің сайтында
салаға қатысты деректер ашық көрсетілген. Кез келген адам кіріп, елдегі ойын
бизнесінің ахуалымен таныса алады.

