Мектептердің оқу жылына дайындығы пысықталды
Елімізде оқу жылында жаңадан 61 мектеп ашу жоспарланып отыр. Бірақ, бірқатар өңірлерде оқу орындары балаларды қабылдауға дайын емес. Оған себеп - құрылыстың уақытылы аяқталмауы. Ал, кейбір аймақтарда күрделі жұмыстар баяу жүріп жатыр. Бұған жауапты министрлік пен әкімдіктердің жауабы қандай?
Жаңа оқу жылының басталуына 1 айдай уақыт қалды. Биыл 4
миллионға жуық бала білім алады. Оның - 360 мыңы бірінші сыныпқа барады. Елдегі
7 мың 900 мектептің 1300-ге жуығының тозығы жеткен. Бұл әсіресе Жамбыл,
Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарындағы білім ұйымдары. Ал, жаңадан
салынып жатқан мектептердің де құрылысы созылып кеткен. Әсіресе, Ақтөбе
облысында 7 білім ошағының жаңа оқу жылына дейін үлгермей қалу қаупі жоғары.