Президент Ұлттық құрылтайдағы бастамаларды жүзеге асыру жоспарына қол қойды
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды. 53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм-арнасында жазды. Жоспарда Президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты қадамдар көзделген. Жалпы, Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмалары мемлекеттік органдар үшін де, бүкіл қоғам үшін де еліміздің ұзақ мерзімге арналған даму бағдарын айқындайды.

