Мемлекет басшысы Иордания Королімен келіссөз жүргізді
Қазақстан
мен Иордания арасында сауда-экономикалық байланыс нығаяды. Әсіресе қор биржасы
саласында әріптестік орнайды. Сонымен қатар, фармацевтика, туризм, IT, жеңіл
және атом өнеркәсібі секторларында серіктестікке серпін беріледі. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевтің Иорданияға ресми сапары барысында екі елдің
ынтымақтастығын арттыратын бірқатар келісімдер жасалды. Ол туралы толығырақ
тілші тарқатады.

