«Наз» би театрына 25 жыл толды

«Наз» би театрына 25 жыл толды

Астана қаласының мемлекеттік «Наз» би ансамбліне 25 жыл. Төрткүл дүниеге Қазақ атын шығарып, елдің мәдениетін хореография тілімінен жеткізіп жүрген бірегей театр мерейтойын ерекше атап өтті. Ширек ғасыр уақытта ұжым тек танымалдыққа ие болып қана қоймай, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, хореография әлемінде өзіндік қолтаңба қалдыра білді.

«Наз» би театрының тарихы 1999 жылы бастау алды. Алғашында филармония жанынан 4 биші қыздан құралған шағын ғана ансамбль жұмысын бастайды. 8 жылға жуық уақыт бұрынғы «Конгресс холлдың» аядай ғана би залында дайындалып жүріп, кейін 2007 жылы отау болып, филармониядан бөлініп шығады.