Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым өсті

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым өсті

2021 жылдың басынан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым шамамен 10 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,4% көп. Біздің еліміз аспанасты еліне бидай, арпа, кальций мен бор фосфаттарын, темір кендері мен концентраттарын, көмір, табиғи газ және басқа да өнімдерді экспорттаған. Өз кезегінде Қытайдан Қазақстанға кондитерлік өнімдер, дәрі-дәрмектер, тыңайтқыштар, тоқыма киімдер, керамикалық плиткалар және басқа да тауар түрлері әкелінді. Ал еліміздегі қытайлық тікелей инвестициялардың жалпы ағынына келетін болсақ, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 509 млн долларға жуықтады. Сонымен қатар өткен жылы бұл көрсеткіш 310 млн доллардан сәл асқан еді.