Қазақстанда соңғы 9 айда жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4% жетті

Қазақстанда соңғы 9 айда жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4% жетті

Бүгін Үкімет отырысында Асқар Мамин ұлттық экономиканың өсу серпінін «сенімді» деп бағалады. Оның айтуынша, соңғы 9 айда жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4% дейін қарқын алды. Ел экономикасының негізгі драйвері нақты сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болды. Сондықтан өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,7% өскен.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Соның ішінде машина жасауда 22,8%, автомобиль құрылысында 31,6%, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 50,5%, құрылыс материалдарында 10,1%, фармацевтикада 38,1%, пластмасса бұйымдары өндірісінде 31,4%, киім өндірісінде 14%, жиһазда 14,9%, дайын металл бұйымдарын шығаруда 17,2% өсім байқалады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы карантиндік шектеулердің азаюына байланысты қызмет көрсету секторы да сенімді түрде қалпына келіп жатқанын еске салды. «Қазір қызмет көрсету секторы сауда мен байланыстағы жоғары өсу қарқыны есебінен 2,9% құрады», – деп нақтылады Премьер-Министр.

Авторы: Ақзер Сегізбай