Ұлттық банк 2023 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

Қазақстанда базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесі өзгерді. Ұлттық банктің хабарлауынша, енді барлық шешімдер әр айдың жұма күндері жарияланады. Шыққан шешім келесі аптаның алғашқы жұмыс күнінен бастап күшіне енеді. Еліміздің бас қаржы реттеушісінің мәліметінше, 2023 жылы базалық мөлшерлеме бойынша сегіз шешім қабылдау жоспарлануда, оның төртеуі болжамды раундтың қорытындысы негізінде жасалған. Ұлттық банктің келесі хабарламасы 13 қаңтарда жарияланады.