Отандық дизайнерлер мен зергерлер Италияда өз топтамаларын ұсынды

Италияда қалың жұртшылыққа отандық дизайнерлер мен зергерлер өз топтамаларын ұсынды. Италиялық дизайнерлердің пікірінше, ісмерлер ең бастысы топтамаларындағы жарқын бейнелер арқылы Ұлы дала елінің өзіндік ерекшелігі мен сұлулығын жеткізе білді. Көпшілік назарына  заманау үлгідегі әйелдер костюмдер мен ерлер шапандары ұсынылды, деп хабаралады Қазақстанның Италиядағы елшілігі. Сонымен қатар қалыңдықтың дәстүрлі той көйлегі мен ұлттық нақышта жасалған сырға, білезік сынды әйелдердің түрлі әшекейлері көрсетілді. Сондай-ақ қонақтар көшпенділердің ең көп қолданатын материалы – киізден жасалған кілемдер мен басқа да бұйымдарын тамашалады. Сән көрсетілімінің соңғы нүктесі ретінде концерттік бағдарлама ұсынылды.