Коронавирус мидағы сұр зат мөлшерін азайтуы мүмкін

Коронавирус мидағы сұр зат мөлшерін азайтуы мүмкін

Коронавирус адам миына әсер етеді. Мұндай тұжырымды америкалық ғалымдар жасады, деп хабарлайды ScienceAlert ғылыми интернет-басылымы. Ауқымды зерттеу нәтижелеріне сәйкес, тіпті аурудың жеңіл немесе орташа ағымы адамның жүйке жүйесіндегі өзгерістер мен сұр заттың аздап жоғалуына әкелуі мүмкін.

Сынақ авторлары 51-81 жас аралығындағы 800-ге жуық адамның миын зерттеген. Ғалымдар орта есеппен үш жылда бір рет олардың миын зерттеп, ақыл-ой қабілеттерін тексерген. Енді зерттеулер болашақта осы байқалған өзгерістердің қаншалықты ұзаққа созылатынын және оларды кері қайтаруға болатынын көрсетуі керек.